Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да түрмеге әкелінген грек жаңғағының ішінен есірткі табылды

ШҚО-да түрмеге әкелінген грек жаңғағының ішінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/20 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың әкелінуіне жол бермеді. Алматылық азамат түрмеге жолдаған сәлемдемесіндегі екі килограмм грек жаңғағының ішінде 4 жаңғақтың ішіне есірткі жасырып, кіргізіп жібермек болған.

Тексеру кезінде олардың төртеуінде белгілі бір иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар табылды.

Ал тағы бір “жеткізуші” кір жуғыш ұнтағының ішіне екі телефонды жасырып өткізбек болған.
Сонымен қатар, ол 1,9 литр болатын шырын қаптамасын белгілі бір иісі бар сұйықтыққа ауыстырып құйып өткізбек болды.

Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

– Қызметкерлер сотталғандарға келген барлық сәлемдемелерді тұрақты негізде тексереді. Алайда, құқық бұзушылар бұл туралы білі тұра, қызметкерлер байқамай қалады деп үміттеніп, әрекет етуді жалғастыруда”, – деді Департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру