Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәсілдері түсіндірілді

ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәсілдері түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ведомствоаралық қызметтермен бірлесіп, отбасылық қатынастар саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты тек ақпарат беру емес, әрбір отбасы үшін шынайы "құқықтық қалқан" қалыптастыру болды.

Заңгер Қарлығаш Сафина зардап шеккендерді қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған заңнамадағы соңғы өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар психолог Алтынай Тұрсұнбаева мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Жанар Тұрсынова психологиялық қолдау мен әлеуметтік қызметтердің мүмкіндіктерін таныстырды. Олар қиын жағдайдан шығу жолдарын, сондай-ақ уақтылы көмек алу үшін қандай алгоритм бойынша әрекет ету қажет екенін түсіндірді.

Кездесу "Заң мен Тәртіп" қағидатының әрбір отбасыдан басталатынын тағы бір мәрте айқындады. Өңір тұрғындары қорғау нұсқамаларының жұмыс істеу тәртібі мен жақындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзған әрбір адамның қандай жауапкершілікке тартылатыны жөніндегі сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру