Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері бір күнде 13 литрден астам қан тапсырды

ШҚО полицейлері бір күнде 13 литрден астам қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті тұрақты негізде Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығымен қарым-қатынас жасауда.

9 маусым Полиция департаментінде Донор күні өтті, оған 30 полиция қызметкері қатысты. Осы сан “Полицейлердің 30 игі ісі” акциясымен тұспа-тұс келді. Таңертеңнен бастап акт залының жанында қан компоненттерін құюға мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тәртіп сақшылары кезекке тұрды.

Жылдан-жылға қан тапсырғысы келетіндерің саны өсуде. Бұл жолы бірі алғаш рет қан тапсырса, кейбіреулері медициналық қызметкерлермен жақсы таныс, бірақ олардың барлығын бір мақсат қана біріктіреді – адамдарға көмектесу ниеті.

Қызмет борышы бойынша құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдарға басқаларға қарағанда жиі кездеседі және қан құю өмірді сақтау үшін өте маңызды екенін біледі.

Дәрігерлер полицейлерді мінсіз донор екенін бірнеше рет атап өтті, өйткені олар денсаулығын үнемі бақылауда ұстап, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұратындарын алға тартты.

– Өкінішке орай, бізге бөлінген уақытта тек 30 полиция қызметкері қан тапсырды, жалпы алғанда, бұл шамамен 13 литр, – деді Кадр саясаты басқармасының бөлім бастығы Дархан Буланов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру