Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан суық қару тәркіленді

ШҚО тұрғынынан суық қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Глубокое ауданының 55 жастағы тұрғыны суық қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат алған.

Келіп түскен сигналды тексеру барысында Глубокое АПБ қызметкерлерімен бірлесіп ер адамға тиесілі Honda автокөлігін тінту кезінде резеңке таяқша табылған және тәркіленген. Жүргізілген сараптама соғып-талқандайтын суық қару екенін көрсетті.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру