Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО жол қозғалысының жас инспекторлары жүргізушілерге үндеу жолдады

Жол қозғалысының жас инспекторлары Шығыс Қазақстан облысының жүргізушілеріне үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында “Aq jol” балалар-жасөспірімдер клубында жол қозғалысы жас инспекторларының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды. Ауқымды шараның бастамашысы – ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Ғаламтор-ресурстары арқылы жас сақшылар жүргізушілерді көлік құралдарын басқару барысында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды. Жасөспірімдер кішкентай жаяу жүргіншілердің жолда мұқият болмайтындықтарын, сондықтан балалар мекемелері маңайында жылдамдықты төмендету қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов жолдағы қауіпсіздік тәртібі ережелері бойынша қашықтықта өткен олимпиадада бірінші орын алған және жол жүрісі қағидалары бойынша жоғары білім деңгейін көрсеткен оқушыларды марапаттады. Андрей Ларионов қозғалыс жас инспекторлары жасақтарының балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмыстарына тоқталып, мектеп аумағында өткізілетін рейдтік іс-шаралардың тиімділігіне балалардың назарын аударды.

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен 101 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның салдарынан төрт бала қаза тауып, 106 жол қозғалысының қатысушысы жарақат алды. 2021 жылмен салыстырғанда апаттар саны 15,8%-ға төмендеді. Тек үш жол-көлік оқиғасында ғана балалардың өздері кінәлі болған.

Құрметті жүргізушілер, көшелер мен жолдарда көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болыңыздар. Есіңізде болсын! Балалар әрқашан жолды белгіленген жерден кесіп өтпейді, сондықтан кешке өте мұқият болыңыздар.

Құрметті ата-аналар! Балаларға жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттілігін үнемі түсіндіріп отырыңыздар, оларды жол жағдайында жүруге үйретіңіздер. Балаларға қамқорлық жасаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру