Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында құқықтық тәртіп сақшыларының қатарын жас қызметкерлер толықтырды

Шығыс Қазақстан облысында құқықтық тәртіп сақшыларының қатарын жас қызметкерлер толықтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындаулар өткізілді. Тағайындалған 56 полиция қызметкерінің ішінен Қарағанды академиясының 8 түлегі полиция лейтенанты арнайы шенін және ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтен алғашқы қызметтік куәліктерін алды.

– Мен үшін ерекше сәт болды, бүгін мен алғашқы қызметтік куәлігімді және полиция лейтенанты шенін алдым. Тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалдым. Мен бұл атақты мақтанышпен және абыроймен алып жүремін, – деп атап өтті академия түлегі Дана Бақтиярова.

Айта кетейік, жас қызметкер Барымбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын үздік бітірген. Жас полицейлер үлкен іріктеуден өтті. Жас офицерлердің бойында адамдармен тіл табыса білу, әдептілік, төзімділік сияқты жақсы қасиеттердің бәрі бар, сондай-ақ олар заңдарды жақсы біледі, дене шынықтыру дайындығы да жоғары.

– Жас қызметкерлердің адал қызмет етіп, аға буынның жауынгерлік істері мен даңқты дәстүрлерін жалғастырып, полиция қызметінің беделін көтеретініне сенімдімін – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Сондай-ақ ішкі істер органдары қатарында адал еңбек еткен Ерназ Түкібаев зейнеткерлік демалысқа шықты.

– Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам жұмыс істедім. Зейнеткерлікке шығу – бұл өмірдің кезекті бір белесі. Жылдар бойы жинаған қызметтік, кәсіби, өмірлік мол тәжірибені бүгінгі жас ұрпаққа мұра ету – біздің алдымызда тұрған үлкен міндет, – дейді Ерназ Түкібаев.

ШҚО бас полицейі ардагерге қызмет еткен жылдары мен жұмысы үшін алғыс білдірді. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге жаңа лауазымдағы негізгі міндеттер жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру