Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясына бір аптада 8 мыңға жуық азамат жүгінді

Шымкент полицейлерінің көмегіне бір аптада 8 мыңға жуық азамат жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына өткен аптада қала тұрғындары мен қонақтарынан түрлі сипаттағы 7 634 қоңырау түсті.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 21-27 ақпан аралығында 5 қылмыс ашылды: ұрлық, автокөлікті заңсыз иемдену және т.б.

Сонымен қатар, 2 547 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) – 317 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 68 факті, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) 45 жайт бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 1 837 жол жүру қағидаларын бұзу және 280 өзге де құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру