Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер тұрмыс саласында жасалған 436 құқық бұзушылықты анықтады

Павлодар облысында полицейлер тұрмыс саласында жасалған 436 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақын адамдардың зорлық-зомбылық әрекеттері адамның психологиялық және физикалық денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Мұндай атмосферада өсетін бала қорқыныш, алаңдаушылық сезімін дамытады. Өсе келе ол ата-анасының мінез-құлқын қайталап, оны қалыпты деп санайды.

Жыл басынан бері 436 азамат отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаланды. Мас күйінде қоғамдық орындарда ішіп-жегені үшін 924 азамат жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамайтын 23 ата-ана анықталды. Павлодар облысының аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған алты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға төмен. Осы сандарға қарамастан, полиция тұрмыстық қылмыстың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Қолайсыз отбасыларды, отбасы мүшелерінің бірі құқыққа қайшы әрекеттерге бейім отбасыларды тексеру жүзеге асырылады, ІІО-да есепте тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріледі, – дейді Василий Скляр.

Мәселен, 27 ақпан күні сағат 15:00-де зейнеткер телефон шалып, ұлының таңертең жанжал шығарып, пәтердегі барлық заттарды шашып, оның сөзіне құлақ салмайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, сағат 21.00 шамасында Академик Бектұров көшесіндегі үйден көршілері қоңырау шалды, онда олар көрші пәтерде жанжал болып жатқанын хабарлады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде әйеліне ұрысып, жанжал шығарған.

Кейін сағат 00.20-да Ломов 62 мекенжайынан сигнал келіп түсті. Тұрғын қалғым келмейді, мені алып кетіңдер деп үйінде жанжал шығарғанын мойындады. Әрбір факті бойынша келген полицейлер әкімшілік хаттама толтырды, төбелескендер қолданыстағы заңнама бойынша жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру