Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент сақшылары кішкентай оқушыларға жол ережесін түсіндірді

Шымкент сақшылары кішкентай оқушыларға жол ережесін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің 824-автоэкипаж қызметкерлері Қ.Спатаев атындағы №7 лицейдің бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді.

7 жастан 11 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге бағдаршамның әр түсі туралы мәлімет беріліп, жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесі үйретілді.

– Баламен балаша сөйлесу керек. Сонда ғана ол сіздің айтып жатқаныңызды анық түсініп, есінде сақтап қалады. Біздің мақсатымыз – сабақтың санын көрсету емес, сапаға жұмыс істеу. Мысалы, осы профилактикалық жұмыстың арқасында балалардың қатысуымен болатын жол апатының алдын алсақ, біз үшін сол нәтиже, – дейді полиция қызметкері Руслан Акпаров.

Балаларға арналған теориялық дәрістің соңы практикаға жалғасты. Оқушыларға жолдан өткенде құлаққап қолданбау, жаяу жүргіншілер өткеліне бірден жүгіріп шықпау ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру