Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенте кезекті той тоқтатылды

Шымкенттік полицейлер карантиндік шектеулерді бұзып, бесік той өткізіп жатқан кафені анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 маусымында сағат 16:20-да Құрбан ата көшесі №67/3 үйде орналасқан «Алишер» кафесі карантиндік шектеулерді бұзып, бесік той өткізіп жатқанын анықтады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына бағынбастан, ұйымдастырушы кешке 40 адамнан аса қонақ шақырған. Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп, келушілердің дене қызуы өлшенбейтіні анықталды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған кафе әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру