Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте арнайы жасақ командирлеріне арналған психологиялық мастермайнд өтті

Шымкентте арнайы жасақ командирлеріне арналған психологиялық мастермайнд өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әдеттегі жиналыстардан ерекше форматта өткен мастер-классқа жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөліністерінің басшы құрамынан келген 30-ға жуық тыңдаушы қатысты.

Сондай-ақ өз тәжірибелерімен бөлісу үшін ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының аға оқытушысы Нұргүл Қуанышбекқызы, Түркістан облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспектор-психологы Айгерім Исаева және тәуелсіз сарапшы-психолог маман Жазира Есмурзаева қонаққа келді.

“Басшының басқару құзыреттілігі және басқару стиль түрлері” атты мастермайнд үш кезеңнен тұрды: теориялық, практикалық және қорытынды бөлім.

Жиында алғашқы сөз кезегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ермахан Абдрамановқа берілді.

Кейін жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Ақерке Тастемирова және жоғарыда аталған сарапшы-психологтар біліктілікті арттыруға арналған дәріс оқып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Практикалық бөлімде басшы құрамның өзара сенімін, ойлау қабілеті деңгейін және ұйымшылдығы мен жеке қабілеттерін анықтауға бағытталған жаттығулар жасалды. Тренингке қатысушылар өзара еркін пікір алмасып, берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.

Шара соңында кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Точилова сөз сөйлеп, қонақтар мен тыңдаушыларға департамент бастығының атынан алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру