Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ғимарат қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды

Шымкентте ғимарат қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық «Жастар ресурстық орталығымен» қаладағы есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара кезекті «Есірткіге жол жоқ!» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданындағы Н.Веснин және Н. Төреқұлов көшелерінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына жарнамаланып салынған жалпы 33 есірткі құралдарының жазбалары өшірілді. Осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру