Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ІІМ Оқу орталығы болашақ сақшыларды даярлап шығарды

Шымкентте ІІМ Оқу орталығы болашақ сақшыларды даярлап шығарды. Жақында олар Қазақстан полициясы қатарын толықтыратын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Оқу орталығында еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашақ полицейлерді бастапқы даярлау бойынша оқыту аяқталды. Тыңдаушылар бірнеше ай бойы оқудағы қиындықтарды сәтті еңсерді және жақын арада өз қызметіне кірісуге дайын.

Олар Жаңа Қазақстандағы жаңа форматтағы полицияның барлық заманауи стандарттарына сәйкес білім алды. Тыңдаушылар теориялық сабақтарды, практикалық жаттығуларды, тактика бойынша және заңнама білу, сондай-ақ мәдениеттану курстарын қамтитын кешенді оқытудан өтті. Олар ішкі істер органдарында қызмет атқару үшін барлық қажетті кәсіби дағды мен қасиеттерін дамыта алды, – деді Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы Ғалымжан Есболаев.

Оқу орталығының базасында шығарылымның салтанатты рәсімі өтті. Оған мәслихат депутаттары, полиция департаментінің және басқа да құқық қорғау органдарының басшылығы, сондай-ақ ІІО ардагерлері қатысты.

Болашақ тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға дайын жауапты және мақсатты мамандар ретінде қалыптасты. Жақсы дайындық пен біліммен олар елдің қауіпсіздігі мен құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға дайын. Түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және оларға қызметтің жаңа кезеңінде сәттілік тілейміз!, – деп өз ойын толықтырды Ғалымжан Есболаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру