Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген бар анықталды

Шымкентте қаланың орталығында карантиндік талаптарды сақтамаған лаундж-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен қала аумағында карантин талаптарын сақтамаған нысандарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында полиция қызметкерлері қаладағы Қонаев пен Тәуке хан даңғылдары қиылысының алдындағы Береке сауда орталығының төртінші қабатында орналасқан «Мята» лаундж-бар карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқанын анықтады. Оның ішінде шамамен 30-ға жуық келуші болған.

Тәртіп сақшылары аталған лаундж-бардың әкімшілігімен профилактикалық сұхбат жүргізіп, карантин ережелерін сақтау керектігін ескертті.

Анықталған жайтқа қатысты шара қабылдау үшін Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жинақталған іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру