Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған дәмхана анықталды

Шымкенттік тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзған дәмхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуді жалғастырып жатыр.

2021 жылдың 5 ақпанында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде “У нас” дәмханасының карантин талаптарын бұза отырып, жұмыс істеп жатқанын анықтаған.

Аталған факт бойынша жинақталған құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қабылдау үшін Еңбекші ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру