Шымкентте карантин талаптарын бұзған компьютерлік клуб анықталды
Шымкентте “РЕД” компьютерлік клубы карантин талаптарын елемей жұмыс істегені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастырып жатыр. Іс-шара барысында Дулати көшесі бойында орналасқан “РЕД” компьютерлік клубы карантин талаптарын елемей жұмыс істегені анықталды. Оның ішінде 40-қа жуық адам болған. Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары жиналған әкімшілік құжаттарды карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін компьютерлік клубтың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын кез келген бұзу жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.