Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлігінің терезесін күңгірттеген 13 мыңға жуық жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды

Шымкентте жеті айда көлігінің терезесін күңгірттеп алған 13 мыңға жуық жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері терезелердің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды тұрақты жүргізіп отырады.

Осы ретте ағымдағы жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін сақтамай, терезесін күңгірттеп алған 12 950 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Күңгірттеу) әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру