Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік бөлшектерін ұрлаған үшеу анықталды

Шымкентте №3 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері ұрлық жайтын бір тәулікте ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасына қарасты №3 учаскелік полиция пунктіне жергілікті тұрғын “МАЗ” маркалы жүк автокөлігінің бөлшектерін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені бойынша арызданған.

Абай АПБ №3 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары орын алған қылмысты ізін суытпай ашу мақсатында бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Қылмыс орын алған жерге жақын аумақты аралап, тұрғындардан жауап алынды. Сол аумақтағы ғимараттарда орнатылған бейнекамералардың бейнежазбалары тексерілді. Нәтижесінде бейнекамералардың біріне үш адам аталған көлік бөлшектерін ұрлап, бой тасалағыны түсіп қалғаны анықталды. Тәртіп сақшылары аталған бейнежазба арқылы аталған адамдардың түр-тұлғасын анықтап, әкімшілік аумақта аралау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде 2021 жылғы 12 сәуір күні сағат 12:00 шамасында қаладағы Шымкент қаласы Кожедуба мен Алпысбаев көшелерінің қиылысында аталған адамдар анықталып, №3 учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. Олардың біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі Алматы қаласының тұрғындары. Екі ер азамат, бір әйел азаматша. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.

Қазіргі таңда аталған азаматтардың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру