Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Криминалистер күні мерекесінде 12 полицей марапатталды

Шымкентте Криминалистер күні мерекесінде 12 полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурыз – Криминалистер күні. Ішкі істер жүйесінде бұл саланың негізі қаланғанына биыл 103 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратында өздерінің қызметтерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлерді марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік іс-шараға департамент бастығы Қайрат Дәлбековтың өзі қатысып, үздіктер қатарынан табылған жеке құрам қызметкерлерін мейраммен құттықтап, марапаттады. Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің грамотасына және алғыс хатына 12 қызметкер лайық деп танылды.

Айта кетейік, криминалистердің қылмыстық істерді жүргізудегі жұмыстары – күрделі және ауқымды. Ол  ұрлық та, кісі өлтіру оқиғасы да болуы мүмкін. Іс жүргізудегі дәлелдемелер криминалистер жұмысының нәтижесінде табылып, ашылады. Бұл мамандық иелері қажетті іздерді тауып, оларды салыстырып, мұқият зерделеп, көптеген қылмыс фактілерінің бетін ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ, криминалистің жұмысы асқан мұқияттылықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қылмыстың алдын алу, оларды болдырмау, жолын кесу және тергеп-тексеру барысында осы қызметтің алар орны ерекше.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру