Шымкентте мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Шымкентте мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жиі жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері Lada көлігінің алдыңғы шамдары жанбай келе жатқанын көріп, тоқтатады.
Оны тексеру барысында жүргізушінің сөйлеу кезінде тілінің күрмелуі, ерекше құбылуы тәртіп сақшыларына күдік тудырды. Полицейлер көлік жүргізушісін куәландырудан өткізеді. Нәтижесінде, ер адамның мас күйде екені белгілі болады.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.