Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Nexia көлігінің жүргізушісінен қару тәркіленді

Шымкентте тәртіп сақшылары Nexia көлігінің жүргізушісінен қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қараша сағат 06.30 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Темірлан тас жолы бойында күмән тудырған Nexia маркалы көлігін тоқтатқан. Автокөлікті қарау кезінде жүргізушіден суық қару тәркіленді.

Ер адам қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін мойындады. Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары “102” арнасына хабарлама берді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді.
Тергеу жұмыстарының нәтижесінде ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Аталған азаматтың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру