Шымкентте пәтер алаяғы ұсталды
Қала аумағында тұрғындардың сеніміне кіріп, пәтер алып беремін деп ондаған адамның ақшасын қалтасына басқан алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 5 қазанында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген 1979 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 6 қазанында күдікті екі айға қамауға алынды.
Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдіктінің әрбір жәбірленушіден шамамен 500 000 теңгеден алғаны белгілі болды.