Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарды

Шымкентте полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің 12-рота инспекторлары М.Қуандықов, Н.Шувулдаков және Ж.Ағыбаев қызмет барысында көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқайды. Полиция қызметкерлері жақындап келіп, әйелдің көпірден секірмек болғанын анықтайды.

Тәртіп сақшыларының бірі азаматшаны әңгімеге тарта бастағанда, екінші қызметкер ұстап алып, қауіпсіз орынға шығарады.

Осылайша, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әйелдің өміріне араша түсіп, суицидтің алдын алды.

Аталған жайт 31 тамызда сағат 22:00 шамасында Еңбекші ауданындағы көпірлердің бірінде орын алған. Өмірімен қош айтыспақ болған азаматша мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру