Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қаңғыбастық пен қайыршылық үшін 32 адам ұсталды

Шымкентте қаңғыбастық пен қайыршылық үшін 32 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Учаскелік полиция инспекторлары іс-шара басталғалы бері барлығы 14 083 пәтер мен үй тұрғындарына тіркеу жүргізді. Қала аумағында 445 жалға берілетін пәтер тексерілді.

Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүргені үшін 32 адам ұсталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылған. Түнгі мезгілде жүрген 45 жасөспірім анықталған. Бұдан бөлек, есепте тұрған 1 157 қару иесі тексерілген.

Іс-шара барысында 2 990 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаладағы төрт ауданның Полиция басқармасы мен учаскелік полиция пункттеріне барлығы – 449 адам жеткізіліп, қол саусақ іздері алынған.

Еске сала кетейік, іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру