Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үздік полицейлер марапатталды

Мерекеде шымкенттік полицейлердің қатары артып, үздіктер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ғимаратының жанында карантиндік режимге байланысты барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен аталмыш министрлікке  қарасты жоғарғы оқу орнын аяқтап келген  жалпы саны 67 бітіруші түлекке диплом және полиция лейтенанты арнаулы атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылы 15 маусымдағы №329 жеке құрам бұйрығымен 17 полиция қызметкері марапатталды. Оның ішінде 3 қызметкерге кезектен тыс арнайы шені, бір қызметкерге атқарып отырған штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені, бір қызметкерге құрмет грамотасы, бір қызметкерге құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медаль, төрт қызметкерге үздік қызметі үшін төс белгі, үш қызметкерге  грамота, үш қызметкерге алғыс хат, бір қызметкерге  алғыс жарияланды.

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов 100-ден астам азаматтарға грамота мен алғыс хаттар берді. Олардың ішінде Ішкі істер органдарының 10 ардагері, бес қоғамдық көмекші, 14 қала тұрғыны бар. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 20 полиция қызметкері Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру