Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 118 шетелдік ел аумағынан аластатылды

Шымкентте жыл басынан бері 118 шетелдік ел аумағынан аластатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жыл басынан бері 34 мың шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлға есепке алынды. Оның ішінде 1126 алыс шетелдік, 32 958 ТМД елдерінің азаматы.

Көші-қон саласының қызметкерлері ел аумағында болу заңнамасын және басқа да әкімшілік құқық бұзған төрт мыңнан астам шетелдікті жауапкершілікке тартқан.

Тәртіп сақшыларының негізгі міндеті – қала аумағындағы өзге елдің азаматтарын тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасына келу, болу, кету ережелерін сақтау.

Сегіз айда Республиканың көші-қон заңдылығын бұзған жалпы 4583 шетелдік пен ҚР азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде – 1019 шетелдік. Көші-қон заңнамасын бұзған – 118 шетел азаматы ел аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 39 және шетелдіктерді заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 258 Қазақстан Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы уақыт аралығында қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысып, азаматтарды мазалап жүрген ҚР ӘҚБтК 449-бабы 3-бөлімімен 21 шетелдік анықталған. Сондай-ақ, көші-қон заңдылығынан тыс әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 28 шетелдік азаматтық процестік тәртіппен сот шешімдері арқылы ел аумағынан аластатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру