Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі бейнебақылау камераларының маңыздылығын атап өтті

Шымкенттің бас полицейі бейнебақылау камераларының маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қарашада Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізді. Брифингте қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларының маңыздылығы туралы айтылды.

– Шымкентте 2021 жылдың 10 айында 271 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан 48 адам қаза тауып, 248 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің автокөлік жылдамдығын шамадан тыс асыруы. Осыған байланысты Полиция департаментімен автокөлік жолдарына сараптама жүргізіліп, 100 көше қиылысына және 200 көше желілеріне жол қозғалысында Әкімшілік құқық бұзушылықты анықтайтын 2240 бейнекамера орнатуға қала әкімдігіне мекенжай бағдарламасы ұсынылды, – деп атап өтті ПД бастығы.

Бас полицейдің айтуынша, қылмыс ашуда бұл камералардың үлесі мол. Тұрғындар тарапынан да бейнеқондырғыға деген сұраныс күн санап артып келеді. Себебі бейнежазба камералары қала ішінде аталған жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізеді.

Айта кетейік, бұл құралдар – жол ережесін бұзған автокөліктерді және өзге құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін құрылғы. Полиция қызметкерлерінің зерделеуімен жол бойында орналасқан 77 балабақша және 152 мектеп алдына 40 км/сағ жылдамдықпен жүру жол белгілері және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын 41 тар, апатты-қауіпті аймақтар анықталды. Осыған байланысты халықтың сұранысымен бейнежазба камераларының ішінен жоғарыда аталған орындарға 40 км/сағат жылдамдықпен жүру жол белгілері орнатылды. Ал қалған жолдарда Жол жүрісі қағидаларына сәйкес 60 км/сағат жылдамдықпен жүру рұқсат етілген. Тиісінше, төтенше жағдайларға ұшырататын, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соқтыратын және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу жайттарын болдырмау мақсатында Шымкент қаласының көшелерінде бейнекамералар орналасқан.

Брифинг барысында журналистер қауымы аталған ауқымды тақырыпқа қатысты сұрақтарын ПД бастығына жолдап, тиісінше мардымды жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру