Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тәртіп сақшылары көлік ұрыларын ұстады

Павлодар облысының тәртіп сақшылары көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақындағы күндердің бірінде сағат түнгі 03.56-да Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақсу қаласының 29 жастағы тұрғыны BMW маркалы автокөлігін белгісіз біреу айдап әкеткенін айтып жүгінді. Полицияға көлік иесі досымен бірге туыстарына қонаға барғанын түсіндірді. Түн ортасында оянған азамат көлігін қойған орнынан таппаған. Қылмыскерді анықтау үшін “Ұстау” жоспары енгізіліп, нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған көлікті тауып, иесіне қайтарды, ал көлікті ұрлаған азамат ұсталды.

Дәл сол түні бір павлодарлық азаматтың да “темір тұлпары” қолды болды. Демалыс күндері Тереңкөл ауданындағы ауылдардың бірінде туыстарына қонаққа келіп, Changan CS35 автокөлігін үйдің ауласына қойған. Бірақ көлігін орнынан таппай қалып, полицияға хабарлады.

Полиция көп ұзамай 28 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдікті сағат 04:00 шамасында ауланың жанынан мас күйінде өтіп бара жатып, көлікті көрген соң, рульге отырып, бір айналып келмек болған. Алайда руль қолына тиген соң, тоқтамай жүре бергісі келген, солайша рульге ие бола алмай, ауыл жанында жолдан ауытқып, жол жтегіндегі ойыққа аударылған. Машина айыппұл тұрағына қойылды.

Басқа жағдайда Тереңкөл ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын кәмелетке толмаған өзінің досымен аудан орталығына досына келеді. Целинная көшесіндегі үйдің ауласында олар ашық тұрған және кілті бар ВАЗ-2106 автокөлігін көріп, көлікке мініп жүре берген. Полиция оларды байқап, тоқтатты.

Полицейлер барлық ұрыларды ұсталғанын, кінәлі адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру