Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік нәзік жанды полицей “ІІО үздігі” атанды

Шымкенттік нәзік жанды ару екінші дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” кеуде төсбелгісімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заты әйел болса да ерлермен бірлесе қоғамдағы тыныштықты сақтауға үлес қосып жүрген Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы штаб тобының аға инспекторы Қанатқызы Айгерім. Алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сот орындаушылар бөлімінде инспектор болып бастаған. Кейін облыстық Әділет департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінде инспектор қызметін атқарады.

Кейіннен Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық Полиция басқармасының анықтау бөлімінің анықтаушысы болып қызмет атқарған.

Қазіргі таңда Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ Штаб тобында қызмет атқаруда. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Айгерім Қанатқызы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен екінші дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” кеуде төсбелгісімен марапатталды. Осы кезге дейін мінсіз қызметі үшін департамент бастығының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған. Осы марапаттың барлығы оның қызметіне деген адалдығы мен уақытпен санаспай, тынбай еңбек еткені үшін берілген. Айгерім өзіне біраз ауыртпалық әкелетініне қарамастан, таңдаған мамандыққа адалдық танытып, қажырлы қызмет атқарып келеді. Аға лейтенант Еңбекші ауданы Полиция басқармасында үлгілі қызметімен көзге түскен ару.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен тыныштық жолында қызмет етіп жүрген ержүрек полицей қызымызға тек биік белестерден көріне берсін деп тілек білдіреміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру