Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицей “ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы үздік тергеушісі” атанды

Шымкенттік полицей “ҚР ІІМ-нің 2020 жылғы үздік тергеушісі” атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің аға тергеушісі Абіл Абдешев “ҚР Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы үздік тергеушісі” және ҚР ІІМ-нің “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.
Абіл Жанбулатұлы есепті мерзімде, яғни 2020 жылы 90-ға жуық қылмыстық істі сотқа жолдаған. Оның ішінде жеңілдетілген өндіріс тәртібінде 33 қылмыстық іс, онша ауыр емес – бес, ауырлығы орташа – жеті, ауыр санаттағы – 40, аса ауыр санаттағы үш қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдаған. Мұндай көрсеткіш – жұмысты ұтымды ұйымдастыра білудің нәтижесі.

– Білім ұясын аяқтаған соң, арманымды жүзеге асыру үшін “Құқықтану” мамандығына түстім. Бала күнімнен ішкі істер органдарында еңбек етуді мақсат еткенмін. Уақыт өте келе осы саланың қыр-сырын үйреніп келеміз. Қызмет атқару барасында сан түрлі оқиғамен бетпе-бет келеміз. Мұның барлығы тәжірибемді толықтыруда, – дейді үздік тергеуші.

Абіл Абдешев 1993 жылы Сайрам ауданында дүниеге келген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. 2017 жылдан бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру