Шымкенттік полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады
Шымкенттік полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында үш күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның нәтижесінде 3509 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
– Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша – 383 жайт;
– Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша – 114;
– Қоғамдық орында мас күйде болу немесе акогольдік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша – 522;
– Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша -280;
– Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) – 890;
– Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) – 280;
– Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) – 12;
– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша – 459; тағы да басқа құқық бұзушылықтар.