Шымкенттік полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнін қорытындылады
Шымкенттік полицейлер "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнін қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқықтық тәртіп" іс-шараның үш күндік нәтижесінде төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
- Тыйым салынған заттарды ұстап жүргені бойынша -17 дәйек анықталды;
- Есепте тұрған тұлғалар тарапынан қойылған шектеулерді бұзу -10 фактісі анықталған, мерзімінен бұрын бостылғандардан - жеті, ерекше талаптарды бұзғаны үшін - үш;
- Жалпы 2861 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;
- Іс-шара барысында уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына - 62 азамат жеткізілді.
- Дактилоскопиядан - 769 адам өткізілді және барлығы ішкі істер органдарының фото-бейне есебіне алынды.
Еске сала кеткейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап 1 қарашасы аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты құқықтық тәртіпті сақтау, қала аумағындағы қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын алу, жолын кесу болып табылады.