Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік сақшы: “Полицей үшін ең жақсы марапат – халықтың алғысы”

Шымкенттік полицей Александр Ганибаев өз қызметі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын күзетіп, антына адал қызмет ету құқық қорғау органдарының ең басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы “Жұртқа жақын полиция” қағидатында азаматтардың мәселелерін тыңдап қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет деген тапсырма берді.

Сәйкесінше, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі тарапынан полиция жұмысының ашықтығына ерекше мән беріліп отыр. Осы тұста, адам өміріне араша түсіп, кез келген жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, халықпен етене жақын араласып жүрген полиция қызметкерлерінің бірі Шымкент қаласы ПД ғимарат күзету взводының командирі Александр Ганибаев. Ол ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.

– Біздің жасайтын жұмысымыз сырт көзге қарапайым көрінгенімен, қызмет барысында әртүрлі шытырман жағдайлардың куәсі боламыз. Мұң-мұқтажын жеткізуге келген азаматтар түрлі жол-көлік оқиғалары, жоғалған адамдар, соққыға жығылғандар мен көлігі бұзылған жолаушылар, тіпті, тастанды сәбилерді де кездестіріп жатамыз. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын көше бойынан тастанды нәрестені тауып алдым. Оны көргенде еш ойланбастан көмек көрсетуге асықтым. Әуелі сәбиді полиция пунктіне жеткізіп, әріптестерімізбен оның анасын анықтау жұмыстарын бастадық. Сондай-ақ, балаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық. Мен адамдарға атақ немесе марапат үшін көмектеспеймін. Полицей үшін ең жақсы марапат – халықтың алғысы! Алла разы болсын деген бір ауыз сөзі мен үшін саңызды, – дейді ол Александр.

Сондықтан азаматтарымыз басына іс түскенде формалы қызметкерлерден қорқып емес, қорған іздеп жүгінуі қажет. Себебі халықтың құқығы мен бостандығын, қауіпсіздігі мен ар-намысын қорғайтын әрбір полиция кез келген жағдайда көмек қолын созуға дайын тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру