Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тергеушілер арасында баскетболдан турнир өтті

Павлодар облысында тергеушілер арасында баскетболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында тергеу бөлімшелер арасында баскетболдан турнир өтті. Спорттық іс-шара жыл сайын 6 сәуірде аталып өтілетін тергеу қызметі күніне орай өткізілді. Ең үздік баскетбол командасы атағы үшін 8 команда өзара жарысты. Олар: Павлодар қаласы Полиция басқармасы, Оңтүстік полиция бөлімі, Солтүстік полиция бөлімі, Орталық полиция бөлімі, Павлодар қаласы полиция аппараты, Ақсу қаласының полиция бөлімі, аудандар құрамасы және де Екібастұз қалалық Полиция басқармасы.

Іс-шараны Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Рашад Утеуов тергеушілерді тергеу бөлімшелердің құруының 59 мерейтойымен құттықтап, іс-шараны ашты.

Өз құттықтау сөзін Екібастұз қалалық ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев, Екібастұз қаласының прокурор орынбасары Берік Ерембаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бибігүл Исаева мен Тергеу бөлімшесінің ардагері Қайырбек Күрекбаев айтты.

Қызықты ойын нәтижесінде жеңіскер-команда анықталды. Нәтижені әділ қазылар алқасы жариялады. “Үздік қорғаушы” – Самал Баильдинова, ал “Үздік шабуылдаушы” атағына Асқар Сабабаев ие болды. Бірінші орынды Екібастұз қаласының Полиция басқармасы командасы иеленді. Екінші орын – Павлодар қаласы ПБ командасы. Үшінші орын – Павлодар қалалық Оңтүстік полиция бөлімі командасы.

Орын алған командаларға медаль, бағалы сыйлықтар, грамоталар, чемпиондарға кубок табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру