Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған балалар батыр Р.Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кеш өткізді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде кәмелетке толмаған сотталғандар арасында даңқты жауынгер Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай “Рейстагқа ту тіккен қазақ!” атты мерекелік іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны ұйымдастырған колония ішіндегі орта мектептің ұстаздары оқушыларға Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаяны мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі жайлы кеңінен мағлұмат берді. Жазалы балалар Р.Қошқарбаевтың балалық шағымен, жауынгерлік кезеңдерімен және соғыстан кейінгі жылдарда атқарған қызметімен толығырақ танысты. Әсіресе оқушыларға оның Рейхстагқа ту тіккен ерлігі туралы жазған естеліктері ерекше әсер етті.

Іс-шара барысында жасөспірімдер батырдың ерлік істері мен Ұлы Отан соғысы жайлы түсірілген фильмді тамашалады және елімізді жаудан қорғау жолында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жарияланды. Сонымен қатар мерекелік кешке белсенді түрде атсалысқан оқушыларға алғыс жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру