Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар жұмысқа орналасты

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық жұмыспен қамту орталығы сотталғандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің басты мақсаттарының бірі –  есепте тұрған сотталған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу, сотталған адамды қоғамға қосу және де есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.

Ақтоғай аудандық пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Осындай өзара әрекеттесу нәтижесінде есепте тұрған адамдар әлеуметтік көмекпен және жұмыспен қамтылып отырады. Бұл сотталғандардың қайта қылмыс жасамауына зор үлес қосатын әрекеттердің бірі болып табылады. Себебі, көп жағдайларда жұмыссыздық адамды қылмысқа итермелейді.

Жоғарыда айтылған мақсаттарды орындау барысында Ақтоғай аудандық пробация қызметі Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығымен біріге отырып, “Ақтоғай-Агро” ЖШС-не, есепте тұрған Б. жұмысқа орналастырды. Аталған мекемеге Ақтоғай ауданы әкімінің 2019 жылдың 26 қарашасындағы №304 қаулысы бойынша екі жұмыс орнына квота бөлінген. Қазіргі таңда Б. есімді ер адам жоғарыда айтылған ЖШС-де механизатор болып қызмет атқарады. Жұмысы өзіне ұнайды және Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығына алғысын жеткізді.

“Ақтоғай-Агро” ЖШС-нің бас механигі В.В.Панасюк мырза, Б. есімді ер адам техниканы ұқыпты, таза ұстайтыны жайлы айта отырып, осы адам жайлы тек жақсы пікір білдірді.

Ақтоғай аудандық пробация қызметі Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту орталығымен өзара әрекеттесе отырып, шаралардың әлі де жалғасын табатыны жайлы хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру