Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 35 сотталған рақымшылыққа ілінді

СҚО-да 35 сотталған рақымшылыққа ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының президенті өткен жылы 7 желтоқсанда № 81-VII рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Айыртау ауданының пробация қызметі бөлімінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес 75 сотталған есепте тұр. Оның ішінде 35 сотталған “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға ілінді. Сондай-ақ, 16 сотталған толық мерзімінен босатылады және 19 сотталғанның мерзімі қысқарады.

Бүгінде аудандық сотымен онлайн режимі бойынша 15 материал қаралды. 14 сотталған есептен босатылады.

ҚР рақымшылық туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықты немесе ауырлығы шағын және орташа қылмыс жасаған адамдар, зақым келтірмеген немесе оны толық өтеген және де ол үшін әкімшілік талаптар ұсынылмаған адамдар рақымшылық бойынша есептен босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасаған сотталғандардың мерзімдері қысқаруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру