Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да фермер қожалығының басшысы мен ҚАЖ мекемесі арасында меморандум жасалды

СҚО-да фермер қожалығының басшысы мен ҚАЖ мекемесі арасында меморандум жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі қылмыстық-атқару жүйесінің органы ретінде қылмыстық жазаның қоғамнан оқшаулаусыз орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі және оның есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсететін атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асырады.

СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметі тобында бас бостандығын шектеуге сотталған, жұмысқа орналасуды қажет ететін Кішкенекөл ауылында тұратын Н. «Ақтай» фермерлік шаруашылығына жұмысшы ретінде орналасты. Сондай-ақ, «Ақтай» фермер қожалығының басшысы С.Біләл Уәлиханов ПҚТ есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөнінде меморандум жасасты.

Осы іс-шараны өткізудің арқасында сотталған жұмысқа орналастырылды, бұл сотталған адамның түзелу жолына түсуіне ықпал етеді. Дұрыс өмір сүруіне ынта пайда болды, олардың әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамда оңалтылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру