Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі қызға ойыншықтар сыйлады

Маңғыстауда пробация қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі қызға ойыншықтар сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Түпқараған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Форт-Шевченко қаласының кішкентай тұрғынына қуаныш сыйлады.

Кішкентай Әйгерім небәрі 5 жаста. Ол мүмкіндігі шектеулі бала. Бірақ ол жасына қарамастан, өте пысық, көңілді қыз. Қызметкерлер балаға ой өрісін дамытуға арналған ойыншықтар сыйлады.

– Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл “Балалар жылы” деп жарияланды. Мен балаларға назар аударып, оларға қамқорлық жасау керек деп санаймын. Біздің пробация қызметкерлері балаларды қорғауға мүмкіндігі жоқ және сырттан көмек пен қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмауға тырысады, – дейді Түпқараған ауданының пробация қызметінің бастығы Айхайбек Наков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру