СҚО-да полицейлер мен қоғам белсенділері есірткіге қарсы спорттық іс-шара ұйымдастырды
СҚО-да полицейлер мен қоғам белсенділері есірткіге қарсы спорттық іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері департаменттің есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесімен бірлесіп, “Петропавл – есірткісіз қала” акциясы аясында спорттық іс-шара өткізді.
Бастамаға фитнес-клуб өкілдері, қоғам белсенділері мен блогерлер де қосылды. Қатысушылар штангамен орындалатын жаттығуларда өз күштерін сынап көрді. Үздік нәтиже көрсеткендерге фитнес-клубқа абонементтер табысталды. Сонымен қатар қатысушыларға ауызсу, батончиктер және естелік сыйлықтар – футболкалар мен магниттер берілді. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткі қолданудың алдын алуға бағытталған.
Жыл басынан бері СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы түрлі форматтағы 750-ге жуық профилактикалық іс-шара өткізді. Мұндай жұмыс тұрғындардың, әсіресе жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайтуға ықпал етеді.
