Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Subaru Legacy автокөлігінің жүксалғышынан 5 келіге жуық марихуана табылды

СҚО-да шетелдік маркалы көліктің жүксалғышынан бес келіге жуық марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам Петропавл қаласында болған.

Полицейлер оның Subaru Legacy автокөлігінің жүксалғышынан өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған, скотчпен оралған полимерлі пакетті анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі құралы – салмағы төрт келі 960 грамм, кептірілген марихуана, яғни бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Қазіргі уақытта оның есірткі сатуға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Ұсталған адамның аудан орталығы Бескөлде тұратын жерін тексерген кезде өсімдік тектес зат оралған екі полимерлі пакет пен таразы табылды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамасына жіберілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды, – деді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Аса ірі көлемде есірткі сату мақсатынсыз заңсыз айналым жасаса, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, сату мақсатында болса, онда заңмен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы полицейлер еске салады. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сатумен байланысты 10 күдіктіге қатысты 13 қылмыстық істі сотқа жіберді. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты ауыр және аса ауыр қылмыс үшін 16 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру