Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтарды түсіндіру бойынша кездесу өтті

СҚО Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтарды түсіндіру бойынша кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Сергей Потанинмен кездесу өткізді. Басшылық пен жеке құрам селекторлық режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар туралы түсінікті тыңдады. Жауапкершілікті күшейту бірінші кезекте құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты. Бұдан былай, оларға сыбайлас жемқорлық үшін жазаны өтеудің “жайлы” жағдайы жойылады: қоныс колониясына ауысқанға дейін мерзімнің бөлігі аса қатаң режимдегі ұстау мекемелерінде өтелуі керек. Ауыр сыбайлас жемқорлық жасағандар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі айтарлықтай қысқартылды. Бұдан басқа, барлық мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерде шоттарды иеленуге тыйым салынады, шетелде білім алатын, немесе шетелде тағылымдамадан өтетін, немесе шетелде емделіп жатқан адамдарға қолданылмайды. Бұл және басқа да заңнамадағы жаңалықтарға Сергей Потанин тоқталып, өзгерістерді әр қызметкердің назарына жеткізу қажеттігін атап өтті.

СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин тәртіп сақшыларының қатарында сыбайлас жемқорлықты жою – полиция қызметін реформалау жолындағы басым міндеттердің бірі екендігін атап өтті.

– Погондағы қызметкерлер халық пен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенімге ие, сондықтан жауапкершілік шарасы жоғары болуы керек, — деп ескерте кетті. — Мемлекет тарапынан адал қызмет атқару үшін барлық жағдай жасалған және кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісі қатаң қудаланатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру