СҚО-ның ең ірі полиция бөлімшесінде 56 жас қызметкер ардагерлермен кездесті
Бүгін тәлімгерлер мен ардагерлер Петропавл қ. ПБ жас офицерлерімен ашық әңгіме өткізді. Қазіргі уақытта қалалық бөліністе 56 жас қызметкер жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың қызметі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-шаралармен сәйкес келді. Сондықтан тәлімгерлер мен ардагерлер олардың полиция ұжымдарында бейімделу жөніндегі жұмыстарын дәстүрлі түрде толық көрсете алмады. Себебі жұмыстың бірінші күнінен қызметте бастапқы жағдай жасалса, жастардың жұмыс орнын екінші үйлері деп есептеулеріне септігін тигізеді. Бұл мәселелерді өзінің кіріспе сөзінде Петропавл қ. ПБ бастығының орынбасары Сағындық Теміреев айтып өтті.
Барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, ұйымдастырылған жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жайлы да әңгіме қозғалды. Ол жайлы бұрын қалалық бөліністің басшысы болған, қазіргі кезде ардагер Абай Ғалиев бастады. Қиын тоқсаныншы жылдары жедел уәкілдер мен тергеушілер кейде жарықсыз, қажетті техника және жылусыз, құжаттарды баспа машиналарында қолмен басып, жұмыс істеді. Отставкадағы полиция полковнигі бүгінде соңғы он жылдыққа қарағанда, полиция қызметкерлері барлық қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталғанын атап өтті.
– … Қазіргі лейтенанттар мен капитандардың міндеті – үнемі өздерін дамытып, шығармашылыққа және спортқа бейімді екендіктерін көрсету, әрине, бұл жұмыс барысына зиянын тигізбеуі қажет. Ал, аға әріптестері, тағайындалған тәлімгерлер мен ардагерлер жастарға кеңес беріп, көмектесулері керек, – деп Абай Ғалиев ардагерлердің пікірін білдірді.
Психологиялық дайындық, қызметте қызығуларға қарсы тұра білу мүмкіндігі маңызды аспект болып табылады. Жуырда тағы бір жағымсыз оқиға болып, аудандық бөліністің жас офицері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды. Кадр саясаты бөлімінің инспектор-психологі Мадина Мулдинова кәсіби шеберлікті қалай арттыру жайлы, ұжымда жұмыс істей білудің маңыздылығын айтып, командалық жұмыстың мәнін түсінуге теория жүзінде берген білімін практикалық психологиялық тренингпен бекітті.
Сонымен қатар, кездесуді ұйымдастырушылар жиналыс соңын ерекше қорытындылады. Жас офицерлер – криминалдық полицияның жедел уәкілі Ерназар Сапар және тергеу бөлімінің тергеушісі Сажида Сыздықова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өлеңдер оқып, барлығының сүйікті «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Кездесу аяқталғаннан кейін барлық қызметкерлер патрульдік полиция батальоны, тергеу, анықтама, криминалдық, ювеналдық полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімдеріндегі жұмыстарына қайта кірісті.