Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 2,5 мың литр контрафактілік алкоголь тиелген Газель көлігін анықтады

СҚО полицейлері 2,5 мың литр контрафактілік алкоголь тиелген ГАЗель көлігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аудандарының бірінің 33 жастағы тұрғынының құрамында спирті бар өнімнің заңсыз айналымына қатысы бары туралы ақпарат алды. Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығының аумағында ГАЗель көлігін басқарған ауыл тұрғынын тоқтатты. Жүк көлігінен контрафактілік арақ құйылған бес литрлік 500 пластикалық ыдыс алынды.

Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК- 463-бабы бойынша материал жинады.

– Контрафактілік алкогольді тұтыну – өмір мен денсаулыққа қауіпті. Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктердің заңсыз айналымы мас күйде қылмыс жасау қаупін арттырады. Қаңтар айынан бастап облыста ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, осындай бірнеше фактілерді тексерді, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2144 литр алкоголь тәркіленді, – деді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, облыста жыл басынан бері 4820 литрден астам құрамында спирт бар заңсыз өнім тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру