Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті

СҚО полицейлері білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс қарсаңында жасөспірімдер жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері де қолғабыс тигізіп келеді. “Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы” КММ базасында Петропавл мектептері мен колледждерінің басшыларымен, олардың орынбасарларымен кездесу өтті. Басты тақырып кәмелетке толмағандар арасында “жалған терроризм” фактілерінің алдын алу болды.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмыс саналатынын еске салып, оқушыларды 5 мың айлық есептік көрсеткішті құрайтын айыппұлдан, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға қауіп төндіретін осындай “әзілдер” туралы ойлардан қалай арылту керектігі туралы ұсыныстар берілді.

– Кездесуге кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары да қатысты, оларға да бұл ақпараттың пайдалы болары сөзсіз. Сондай-ақ кездесуде терроризмге қарсы заңнамадағы өзгерістер, инженерлік-техникалық қауіпсіздік құралдарын жетілдіруге қойылатын талаптар жеткізілді. Бұдан басқа, қызметкерлер террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде іс-қимыл алгоритмін педагогтармен талқылады, – деді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы. 

Мұндай түсіндіру жұмыстарын экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру