Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының ПД бастығы Ақсай полиция бөліміне барды

Қызылорда облысының ПД бастығы Ақсай полиция бөліміне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсай полиция бөлімінің бастығы Абдразақ Нұрбол өңірдің бас полицейіне есеп беріп, жеке құрамының жұмысымен таныстырды. Жалпы, Ақсай полиция бөліміне қарасты 6 аймақ бар, оның ішінде Белкөл, Абай, Қызылжарма, Қараөзек, Бәйтерек және Қарауылтөбе ауылы. Аймақ тұрғындарының саны – 133 668. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған “Жұртқа жақын полиция” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметі пәрменді жұмыс атқарып келеді.

Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсаты екені белгілі. Бұл ретте аталмыш аймақта 22 учаскелік полиция инспекторы және 7 көмекшісі қызмет атқарады. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес, олар әкімшілік аймағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша қорғау нұсқамасын шығарады, құқық бұзушының мінез құлқына сот арқылы ерекше талаптар орнатады, егер шығарылған қорғау нұсқама талаптарын бұзса, заңға сәйкес құқық бұзушыға шара көреді.

Учаскелік полиция инспекторларының жұмысымен танысу мақсатында департамент бастығы №6 және №7 учаскелік полиция пункттеріне барып, бекітілген жауапты учаскелік полиция инспекторлары А.Спатаевтың және Д.Төлегеновтің атқарылған жұмыс жөнінде есебін тыңдады.

Аймақтағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында 17 ювеналды полиция қызметкері аймақтағы 21 мектептің оқушыларымен және 4 колледждің студенттерімен профилактикалық бағытта жұмыс жасауда. Сонымен қатар полиция департаментінің бастығы №261 мектепке барып, директоры Қарлығаш Абдрахмановамен тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі төңірегінде сұхбаттасты. Махсудхан Аблазимов Ақсай полиция бөлімінің жалпы жұмысымен танысып, тиесілі ғимараттарды аралады. Полиция бөліміндегі әлсіз тұстарды да атап өтті. Жеке құрам алдында жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін жақсарту, тәртіпті бұзуға жол бермеу бойынша нақты міндеттер қойды. Алдағы уақытта М.Аблазимов  Қызылорда облысы полиция департаментінің барлық бөліністерінің жұмыстарымен танысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру