Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда интернет-алаяқты ұстады

Қостанайда интернет-алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталмаған 31 жастағы интернет-алаяқты ұстады.

Күдікті шөп сату туралы хабарландыру жариялады. Сол күні ол 200 бума шөп сатамын деп 140 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған. Келісілген мекен-жайға жеткізу жүзеге асырылмаған кезде сатып алушы полицияға жүгінді.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы күдіктіні анықтап, одан 2 ұялы телефон, ноутбук заттай дәлелдемелері тәркіленді. Қазіргі уақытта осыған ұқсас деректерді анықтау үшін тергеу жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Өйткені алаяқтың шотына қысқа уақыт ішінде 9 млн теңгеден астам қаражат түскен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру