Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері телевизор ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “ізін суытпай” телевизор ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Бескөл ауылының тұрғыны пәтерінен приставкасымен бірге “LG” телевизорының жоғалғанын анықтап, полицияға хабарласқан. Шығын сомасы 120 теңгені құрайды. Ұрлық жәбірленушінің үйінде көршісімен бірге спирттік ішімдік ішіп отырған кезінде орын алған. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні анықтады, ол Бескөл ауылының 21 тұрғыны болып шықты. Ол жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішкен адамның баласы екен. Жігіт пәтерге келген, бірақ үстел басына отырмай кетіп қалған – белгілі болғандай, құр қол кетпеген. Оның айтуынша, ол телевизорды сатпақшы болған. Телевизор бөлек тұрып жатқан анасының үйінен алынып, иесіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

– Спирттік ішімдік – қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар жүреді, – дейді Қызылжар ауданы ПБ бастығы Әлихан Байқадамов. – Алкогольдік масаңдық адамды қылмыс жасауға итермелеуі мүмкін. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 12 фактісі анықталды, алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР заңнамасы талаптарын бұзудың да осынша фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 114 литр спирттік ішімдік алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру