Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск тұрғыны жалған түбіртек көрсетіп, тамақтану орындарын алдаған

Степногорск тұрғыны жалған түбіртек көрсетіп, тамақтану орындарын алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының Полиция басқармасына қоғамдық тамақтану орнының иесі, жергілікті кәсіпкерден алаяқтық жасалғаны туралы өтініш түсті.

Алдын ала тергеу барысында полицейлер бірнеше күн бойы қаскөй жәбірленушіге тиесілі мекемеден түрлі мекенжайларды атай отырып, үйге тағамдар мен десерттерді жеткізуге тапсырыс бергенін анықтады. Шығын сомасы 130 мың теңгеден асты.

Жәбірленушінің айғақтары бойынша тексеру жүргізу кезінде ол осы клиенттің мүлдем есеп айырыспағанын анықтаған. Ер адам арнайы қосымшаны пайдаланып, жалған түбіртек жасап, төлем туралы жалған скриншоттарды ұсынған.

18 шілдеде жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ер адам 4-ші рет бөгде мекенжайға тапсырыс беріп, жеткізушіні күтіп отырған жерден қолға түсірді. Күдікті 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған факті бойынша Полиция басқармасы ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру