Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқынынан төнетін қауіп жоқ

ОКҚ-де өткен өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы брифингте айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтті.

Юрий Ильин ақпарат бергендей, су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында өңірлерде мұзды қопсыту (236 жару жұмысы), арықтарды, арналарды (12 мың шақырым) және автомобиль мен темір жолдар астындағы су өткізу құрылыстарын (25,6 мың дана) тазалау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қорғау бөгеттерін салу (53 шақырым) және жөндеу (114 шақырым); жағалауды бекіту (95 шақырым), түбін тереңдету (255 шақырым), су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету (71 шақырым) және су бұру арналарын орнату (192 шақырым) бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Елді мекендерден 15 млн. астам текше метр қар шығарылды.

“Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және қажетті шараларды пысықтау мақсатында аэровизуалды және жерүсті тексерулер жүргізіледі.
Бұған дейін біз су тасқыны жағдайы төрт өңірде: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталатынын хабарлаған болатынбыз”, – деді  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

 

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында су тасқыны жағдайы тұрақты.
Ақмола облысында жағдай тұрақтанды, су тасқынының шыңы өтті. Облыс аумағында су тасқыны қауырт режимде өтті. Іс жүзінде облыстың Нұра өзенінен басқа, барлық су тасқыны қаупі бар өзендерінде су деңгейі сыни деңгейден жоғарылағаны белгіленді.
Жедел әрекет ету және алдын алу іс-шараларын өткізу арқасында тұрғын үйлерді су басуына жол берілген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру